Home Жаңалықтар Қолы сынып, басы жарылды: Сиви Махмуди жол апатына ұшырады

Қолы сынып, басы жарылды: Сиви Махмуди жол апатына ұшырады

74

Zakon.kz редакциясына өткен демалыс күндері орын алды делінген жол-көлік оқиғасының суреттері мен видеосы жолданды.

Куәгердің айтуынша, жол-көлік апатынан қазақстандық танымал әнші Сиви Махмуди зардап шеккен.

– Әнші Сиви Махмуди жол-көлік апатына ұшырады. Екі қолы сынып, басы жарылды. Сивидің өзі көлік рөлінде болған, – дейді куәгер.

Видеода соғылған автокөліктер түсірілген. Кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, үш автокөлік соғысқан.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Алдыңғы жазбаЕрекең елді ренжітті – Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов сынға қалды
Келесі жазбаМен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын – Тоқаев