Home Жаңалықтар Семей әуежайына Мұхтар Әуезов есімін беру ұсынылды – Ел жаңалықтары

Семей әуежайына Мұхтар Әуезов есімін беру ұсынылды – Ел жаңалықтары

40

Тұрғындар алдында есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей әуежайына белгілі жазушы әрі драматург Мұхтар Әуезовтің есімін беруді ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Семей – еліміздегі ең рухани-мәдени орталықтардың бірі. Абай, Шәкәрім және Мұхтар секілді ұлы адамдар осындай қасиетті жерде дүниеге келген. Олардың әрбірінің есімі бәріміз үшін де өте құнды», – деді Ахметов.

Өңір басшысының айтуынша, бүгінде Семейде Абай мен Шәкәрімнің құрметіне көшелер аталған, Абай атындағы театр, Шәкәрім университеті бар, енді жаңа «Абай-Арена» мәдени-спорт кешені салынып жатыр.

Семей әуежайының ұшып-қону жолағы мен терминалын қайта жөндеу үшін 10,6 миллиард теңге бөлінген. 2019-2021 жылдары Өскемен әуежайында қайта жаңғырту жұмыстары атқарылады. Сондай-ақ, Үржар ауылындағы әуежайдың ұшып-қону жолағы да күрделі жөндеуден өтеді, сол арқылы Алакөл көліне туристерді көптеп шақырмақ. Жобаның құны – 3,6 миллиард теңге.

Айта кетейік, облыста Өскеменнен Семейге, Зайсанға, Үржарға және кері бағытқа, сондай-ақ, Үржардан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге қаржылық көмек көрсетіліп жатыр.

Сонымен қатар, шағын авиацияны дамыту аясында Қатонқарағай ауданында туристерге арналған жаңа әуе айлағы пайда болады.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАқтөбеде полицейлер пара алды деген күдікке ілінді – Қылмыс
Келесі жазбаАқтауда балабақша директоры тәрбиешіні ұрып, қорлағаны үшін айыппұл арқалады – Ел жаңалықтары