Венесуэладағы 23 штаттың кемінде сегізі және ел астанасы Каракас аймағы электр қуатынан жаппай ажырағандықтан жарықсыз қалды деп хабарлады жергілікті El Nacional басылымы. Каракаста метро жұмысы тоқтап, қала әуежайына да кері әсер етті деп хабарлайды Bloomberg. Агенттік дерегінше, елдің оннан астам штатында жарық сөнген.
Венесуэла энергетика корпорациясы мұны «мемлекетке қарсы электр соғысын ашқандардың іріткісі» деп түсіндірген.
Венесуэла ақпарат министрі Хорхе Родригес электр қуатынан жаппай ажырауға Боливар штатында орналасқан Гури су электр станциясына жасалған кибершабуыл себеп болды деп мәлімдеді. Гури – әлем бойынша ең ірі су электр станцияларының бірі.
Венесуэла президенті Николас Мадуро бұған АҚШ-ты айыптады.