Home Жаңалықтар РФ СІМ өкілі тек қазақ тілінде шығатын теңгеге байланысты пікір білдірді –...

РФ СІМ өкілі тек қазақ тілінде шығатын теңгеге байланысты пікір білдірді – Ел жаңалықтары

42

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Қазақстан валютасының дизайнындағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Говорит Москва» радиосына сілтеме жасап. 

Мария Захарова өзгерістер «Республиканың ішкі ісі» екенін айтты. «Бұл мәселе тек Қазақстан контекстінде ғана емес, <…> сонымен қатар, тілі орыс адамдар тұратын бүкіл аймақтың және біздің назарымызда», – деді дипломат.

Сыртқы саясат ведомствосының өкілі Мәскеу Астанамен байланыста екенін атап өтті.

Бұдан былай банкноталар мен монеталарда мәтіндер тек мемлекеттік тілде жазылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Жарлығында айтылды. Өзгеріс 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАстанада белгісіз бір кәсіпкер көпбалалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаХакерлер Қазақстан университеттерінің сайттарын бұзды – Ел жаңалықтары