Home Дүние дүрмек Рахат Тұрлыханов 10 тәулікке қамауға алынды

Рахат Тұрлыханов 10 тәулікке қамауға алынды

108

Алматы сотында Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс бойынша сот отырысы жабық режимде өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Осы материалды қарау барысында, сот алқасы тағайындалған жаза бойынша, бұрын жұбайына бірнеше рет қол көтеру дерегі болуына байланысты бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспеді. Алматы соты алқасының шешімі бойынша, Алматы Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шешімі өзгертілді», – делінген сот хабарламасында.

Сот алқасының қаулысы бойынша, Тұрлыхановқа қатысты жаза бап санкциясы шегінде ескертуден 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға өзгертілді. Қаулы күшіне енді.

Алдыңғы жазбаЖаңаөзенде ереуілге шыққан мұнайшылар талаптары орындалмаса, Астанаға баратынын ескертті
Келесі жазба2023 жылғы атышулы істер: Бас прокуратура мәліметтерді жария етті