Home Жаңалықтар Қызылорда облысында қыз баланы соққыға жыққандардың видеосы таралды

Қызылорда облысында қыз баланы соққыға жыққандардың видеосы таралды

34

Полицейлер қызды ұрып-соғып жатқан видеоға қатысы барлардың кім екенін анықтады. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 17 сәуірде Тасбөгет ауылында болған екен. Жәбірленушінің ата-анасы полицияға арызданбаған.

«Әлеуметтік желілерде тараған видеоларды бұзақылық дерегі бойынша тексеру барысында полицейлер құрдасын соққыға жыққан қыздың және оны видеоға түсіріп тұрғандардың кім екенін анықтады. Қазір ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», – деп хабарлады полициядағылар.

kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚара шаңырақта қарқынды жұмыстар жалғасуда
Келесі жазбаҚазақстанда айыппұл мөлшері төмендейді