Home Басты жазба Қытайдың жемсауына түсіп кеткен қазақ мұнай кеніштері

Қытайдың жемсауына түсіп кеткен қазақ мұнай кеніштері

474

«Мен «Қытай айдаһарының қазақтың мойынына салған инвестициялық-кредиттік қыл арқаны», «Қытайдың Қазақстанға экспансиясы – фантастика емес, 21 ғасырдың ащы шындығы», «Қытайлық гастарбайтерлердің Талдықорғандағы күзі», «Қытайдың этникалық тұзағына түскен елдердің тарихы бізге сабақ болсын», «Қытай-Зимбабве-Қазақстан = мәңгілік достар»
– атты мақалаларымда ол туралы көп жаздым, сондықтан қытай меншігіне біздің билік сатып жіберген бірнеше мұнай-газ компаниясына ғана тоқталайын.

Мысалы Ақтобе облысындағы ең ірі мұнай-газ шығаратын «Актобемунайгаз» компаниясын толықтай қытай меншігіне 1997 жылы Назарбаев сатып жіберді;
• Былтыр (2022) қытайлықтар қазақтың, мемлекеттің «Актобемунайгаз» компаниясын иемденгеніне 25 жыл болғанын тойлады –
«СНПС Ақтобемунайгаз» 25 жылда суммарно 155 млн тонна мұнай, 86 млрд куба метр газ өндірген, – сөйтіп олар пайдаға белшесінен батты.
Сол мұнай өндіру өзіміздің де қолымыздан келеді ғой, сонда барлық түскен пайда түгелдей мемлекеттің (халықтың) қалтасына түсер еді!
• Ақтобедегі «Мартук мунай», «Көкжиде мунай», «Кұмсай мұнай» ең ірі мұнай-газ компаниялары да – толықтай қытай меншігіне сатылып кетті.
Осы «Мартук мунай», «Көкжиде мунай», «Кұмсай мұнай» мұнай қоры – 167,5 млн тн, ал таза табиғи битумның қоры – 73,3 млн тонна
Мен 2021 ж. ақпанында «Китайская акционерная ловушка для казахских нефтяников» атты мақаламда бұл туралы жаздым, сол компанияда өз қытайлықтарына 1,5 – 2 млн тг жалақы, ал қазақтарға 67 000 тг жалақы төлеген.
• Қызылорда облысындағы ең ірі «Құмкөл» (67%) атты мұнай-газ компаниясы қытай меншігінде;
«Кумкольдің» мұнай қоры 272 млн баррель, 1997 ж, канадалық «PetroKazakhstan Inc.» 100% акциясын сатып алып, 2005 ж халықаралық аукционға шығарып, Индияның «Индиан Ойл Корпорейшн» мен қытайлық СНПС ді таластырып, қытайлықтарға 4 млрд долл. сатып жіберді.
Сонда канадалықтар біздің байлығымызды сатып 4 млрд долл пайда тапты.
• Шымкенттің «ШНОС» (50%) бензин шығаратын заводы Қытай меншігінде
• «Қаражанбасмунай» ең ірі мұнай-газ компаниялары (50 %) жартылай қытай меншігінде.
• Маңғыстаудағы «Мангистаумунайгаздың» 50 %-ті қытай меншігінде.
32 жылда біздің биліктің басында отырғандар мына мемлекеттік мұнай-газ өндіретін ірі компанияларды қытай меншігіне сатып жіберген:
АО «Актобемунайгаз» (100%), АО «Каражанбасмунай» (50%), АО «Кумколь», АО «Мангистаумунайгаз» (50%), АО «Айданмунай», АО «Бузачи», АО «Куатамлонмунай», АО «Эмир ойл», АО «КМК Мунай», АО «Сазан Курак», АО «Прикаспиан петролиум», АО «Сагиз Петролиум», АО «Адай Петролиум», АО «Урал ойл и газ», АО «Тургай Петролиум», АО «КазГерМунай», АО «Каракудук Мунай», АО «Жамбай мунай», АО «Казахойл-Актобе» (50%) и многое другое (АО «ШНОС» (50%)). Түркістан обл-ғы атом өнеркәсібі «Добывающая предприятие «Орталык» (49%).
Жалпы айтқанда Ақтобе облысының мұнай-газ өндірісінің 90 пайызы, Қызылорда облысының мұнай-газ өндірісінің 61 пайызы, Атырау, Маңғыстау облысының мұнай-газ өндірісінің біршама бөлігі ҚЫТАЙ компанияларының үлесінде.
Қазақстан экономикасындағы бұл көріністер Қытайдың біздің елде жүргізіп отырған арессивті экономикалық саясатының нақты дәлелі емес пе???
Яғни, Қытай компаниялары экономикамыздың әр саласына барынша кіріп жатыр және оларға біздің билік сатып жіберген акциялар үлесін кері қайтарып алу өте қиын, тіптен мүмкін емес деуге болады.
Азербайжанның бұрынғы президенті Гейдар Алиев мемлекеттің меншігіндегі бірде бір мұнайгаз компанияларын жеке меншікке, шетелдіктерге сатқан жоқ!
Өзбектер сатқан жоқ. Бар пайда мемлекеттің (халықтың) қалтасына түсіп жатыр.
Сауд Арабия, Біріккен араб әмірліктері 60-70 жылдары мұнай газ кен орындары тек қана концессияға берді, яғни концендант мұнайды шығарып, инвестициясын қайтарғаннан кейін олар салған барлық завод – комплекстер мемлекеттің меншігінде қалады» – дейді белгілі экономист -сарапшы  Нұртаза  Қадырниязов.

Алдыңғы жазбаСемейлік азаматтан Сақ бұйымдары тәркіленді
Келесі жазбаҚазақстанда жаңа аударда құрылды