Home Жаңалықтар Қытай соққы беруге әзірлікті бастады…

Қытай соққы беруге әзірлікті бастады…

38

Кешеге дейін Қытай Халық-азаттық армиясының ұстанып келген қағидасы тек сырттан келетін басқыншыдан елді  қорғау яғни қорғаныстық сипатта еді. Бірақ бұл соңғы кезде өзгеріске  ұшырады. Әлемдегі қазіргі күрделі жағдай, саяси ойындар, күшті мемлекеттердің әлсіздерге әскери  күш-көрсету т.б мәселелерді есепке алған қытай генералдары армия стратегиясына өзгерістер енгізіп, «күтпеген  соққы» жасау әзірлігіне  кірісті деп жазады South China Morning Post.  Басылым, Халық-азаттық  армиясын заманауи қарумен  жарақтандырып, үнемі  әзірлікте  ұстаудың бір  себебі, Қытайдың  әлемдегі  ықпалы  арта  түсуінен һәм АҚШ пен екі арадағы жағдайдың қиындауынан деп  жазады. Осыдан біраз  бұрын, Қытай басшысы Си Цзиньпин ашық түрде әскерилерге алдағы  уақытта  болуы  мүмкін үлкен соғысқа сақадай-сай тұру  үшін әзірлікті шұғыл түрде жүргізу керектігін ескерткен. Әрине Қытай  басшысының  қауіп етіп айтатындай  реті  бар. Өйткені АҚШ  пен  сауда  соғысын  ғана емес, әскери қақтығысқада түсіп қалу қауіпі артып келеді.  Себеп  белгілі  ол – Оңтүстік Қытай теңізінде туындап  отырған жанжал  жәнеде Тайвань  мәселесі.Тайвань демекші АҚШ Қытайдан бөлініп  жеке  өмір сүріп келе жатқан аралдағы мемелкетті үнемі қолдап келді. Жақында  ғана осы  маңға  АҚШ  бірнеше әскери кемелерін аттандырды. Әрине бұл  Тайваньды  түбі  өзіне қосып алу үшін тыраштанып жатқан Қытайға ұнамасы  хақ. Содан  болар Бейжің мен Вашингтон арасындағы  дүрдараздылық  арта түскен. Ал Қытай басшысының әскерилерге «үлкен соғысқа даяр тұрыңдар» деуінің  сыры осыда. Тағы бір мәселе, соңғы жылдары Қытай Еуразия, Африка және Оңтүстік Америка бағытында жүрігізіп отырған саяси-экономикалық экспанциясын һәм ол жақтағы  мүддесін қорғау үшін, қарулы күштердің қуатын  пайдалануды да көздеп  отырғаны анық.

 

 

Алдыңғы жазбаМиллиардтар кімнің қалтасында?
Келесі жазбаАйыр қалпақтылардың айрықша жиыны