Home Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев: Жағымпаздарды жақтырмаймын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жағымпаздарды жақтырмаймын

55

Маған ешкім жағымпазданбайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білесіз бе… Маған ешкім жағымпазданбайды. Бәлкім, мен ондайды ұнатпайтын болғандықтан шығар. Ұнатпау былай тұрсын, ашығын айтсам ондайды жақтырмаймын. Қазірдің өзінде жағынуға тырысып жатқандар бар. Мәселен, Өзбекстанға сапарлап барып қайтқаннан кейін «Тамаша!», «Мұндай еш уақытта болмаған», «Кескін-келбетіміз керемет болды!» деген сияқты сөздер айтылды», – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жағымпаздықпен айтылған сөздерді елемеуге тырысатындығын, оған жауап бермейтіндігін атап өтті. «Естімеген адамдай өте шығамын. Өйткені, бұл мақтау сөздердің көк тиындық құны жоқ. Ең басты сыншы – өзім. Қай жерде жарқырай алмағанымды білемін. Тіпті қатал сыншымын деуге болады», – деді ҚР Президенті.

Алдыңғы жазба«Абу-Даби Плаза» жұмысшыларының арасында жанжал шықты
Келесі жазбаЭкзит-полл: Зеленский партиясы шамамен 44 пайыз дауыс алды