Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қайта құрылымдалады, деп хабарлайды zakon.kz.
– Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциялық заңының 17-1 және 19-баптарына, яғни 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Заңға сәйкес, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін бөліп алып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган – ҚР Ұлттық банкін қайта құру туралы шешім қабылдады, – делінген Жарлықта.
Агенттік берілген функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес ҚР Ұлттық банктің құқықтары мен міндеттерін мұра етуші ретінде анықталды. Агенттіктегі штат саны – 547.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді. Тек Жарлықтағы 2, 3-тармақтары және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін, бірақ ҚР Президенті әлі кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізуі тиіс 2-тармағын қоспағанда.