Home Жаңалықтар Франциялық альпинист әйел оттегі баллонынсыз Эвереске көтерілді

Франциялық альпинист әйел оттегі баллонынсыз Эвереске көтерілді

49

Франциялық альпинист Элизабет Револь оттегі баллонын қолданбай-ақ Эвересті бағындырды.

Le Parisien газетінің жазуынша, ол бейсенбі күні Жер шарының ең биік нүктесіне көтерілген.

Дене тәрбиесінің оқытушысы болған Револь Эвересті оттегі баллонының көмегінсіз бағындырған тарихтағы алғашқы француз әйелі әрі әлемдегі тоғызыншы әйел альпинист атанды.

Енді Револь биіктігі жағынан төртінші орында тұратын Лхоцзе шыңына (8516 м) шығуды жоспарлап жүр.

inform.kz

Алдыңғы жазбаТаразда көп кітап оқыған оқушы миллионер атанды
Келесі жазбаАлматыда педофил 7 жасар қызды зорламақ болды