Home Жаңалықтар Маңғыстау облысындағы кен орнында ереуілге шыққандардың талабы орындалатын болды

Маңғыстау облысындағы кен орнында ереуілге шыққандардың талабы орындалатын болды

51

Маңғыстау облысының әкімдігі Қарақұдық және Солтүстік Бұзашы кен орындарындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Биыл 23 қыркүйекте «Синопэк Қазақстан» кәсіпорны ақтаулық филиалының 100-ге жуық қызметкері сағат 17:00 шамасында Қарақұдық және Солтүстік Бұзашы кен орындарында жұмысты тоқтатып, жалақыны 100 пайызға өсіруді талап етті», – делінген ведомство хабарламасында.  Әкімдіктің мәліметінше, жұмыс беруші мен еңбек ұжымының бастамашыл тобының келіссөздері 24 қыркүйекте күні бойы жалғасқан. «Келіссөз нәтижесі бойынша, сағат 20:00-де барлық қызметкер жұмысқа шықты. Тараптар келесі шешімге келді: жалақы мөлшерін «М-Техсервис» ЖШС Маңғыстау филиалының жалақысымен бір деңгейге келтіру (компания Солтүстік Бұзашы кен орнындағы осындай жұмыс түрімен айналысады)», – деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚазақстанның барлық өңірінде күн суытады
Келесі жазбаЕлбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті