Home Жаңалықтар Қорғаныс министрі Қара майормен соңғы кездесу туралы айтты – Ел жаңалықтары

Қорғаныс министрі Қара майормен соңғы кездесу туралы айтты – Ел жаңалықтары

41

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Ауған соғысының ардагері полковник Борис Керімбаевтың қайтыс болғанына ойын білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Мен оған жұма күні бардым. Борис Керімбаев – жауынгерлік тәжірибесі мол, ауған компаниясына зор үлес қосқан, елдің жоғары басшысының бұйрығын орындаған адам. Оны Мәскеуге жеке шақыртып, тапсырма берген және оны тамаша орындап шыққан. Қазақстан халқы Борис Керімбаевті мақтан тұтады. Мұндай адамдар көп емес. Ол ұзақ ауырды. Ерік жігерінің арқасында көпке шыдады. Дәрігерлер оның орнында басқа біреу болса ұзаққа шыдамасын айтты», – дейді Ермекбаев.

«Қара майордың» 12 ақпанда таңертең сағат 8:50-де өмірден өтті. Еске салсақ, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Борис Керімбаевқа ҚР ҚМ әскери-клиникалық госпиталіне барды. Әскери ведомство басшысы оған ҚР Әскери барлау алдындағы еңбегі үшін «Алтын үкі» төсбелгісін, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАршавинге әйелі арызданды – Футбол
Келесі жазбаҚОШ БОЛ АҒА!