Home Жаңалықтар Қазақстандық сарбаз самбодан Әлем кубогінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық сарбаз самбодан Әлем кубогінің жеңімпазы атанды

51

Мәскеудің Лужники спорт кешенінде Анатолий Харлампиевтің жүлдесіне самбодан Әлем кубогы өтті. Оның қорытындысы бойынша армиялық спорт армия орталық спорт клубының спортшысы Бағлан Ибрагим 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Қызылордалық балуан халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды Маңғыстауда самбодан ел чемпионаты мәресіне жетті Оралда кәсіпкерлер самбодан әлем чемпионына пәтер алып берді Әлемнің 40 елінен 250-ден аса мықты атлетші спорттық және жауынгерлік самбодан 15 салмақ дәрежесінде   тартысқа түсті. Бағлан Ибрагим Индонезияда өткен 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. «Қазақстандық сарбаз жоғары деңгейдегі  дайындығын көрсетті. Өткен турнир әлем чемпионатынан кейін белді сайыстардың бірі болып табылатынын айта кеткім келеді. Енді ағымдағы жылғы сәуірдің 4-і мен 8-і аралығында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындық жаттығулары күтуде», – деді самбодан АОСК штаттық командасының бастығы Асан Мәмбетқұлов.

Алдыңғы жазбаДариға Назарбаева мүгедек балалардың жағдайына алаңдаушылық білдірді
Келесі жазбаГоловкиннің келесі қарсыласы кім екені белгілі болды