Home Жаңалықтар Тараздағы көпқабатты үйдегі жарылыс: Тағы бір адам қайтыс болды – Тосын жай

Тараздағы көпқабатты үйдегі жарылыс: Тағы бір адам қайтыс болды – Тосын жай

40

Таразда көпқабатты үйдегі жарылыстан жапа шеккен бір адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты облыстың денсаулық сақтау басқармасы растады.

Көз жұмған – Тараздың 64 жастағы тұрғыны. Ол 27 ақпанда көпқабатты үйдегі жарылыстан соң ауруханаға жеткізілген еді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол газ-ауа қоспасының жалынынан күйіп қалған.

«Жансақтау бөлімінде 27 ақпаннан 14 наурызға дейін шокқа қарсы кешенді терапия жасалған. Алып жатқан еміне қарамастан, 14 наурызда 23:20-да науқас қайтыс болды», – деді басқармадағылар.

Бұған дейін Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан үш адам қаза тапқаны хабарланған еді. Төтенше жағдай 27 ақпанда таңғы уақытта болған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, 145 адам эвакуацияланған. Үш пәтер бүлінген.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚанат Исламның ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі белгіленді – Бокс
Келесі жазбаЖеңіліп көрмеген Нұрсұлтановтың АҚШ-тағы келесі қарсыласы белгілі болды – Бокс