Home Жаңалықтар Қазақстандық қыз әлемнің ең үздік 50 сомельенің қатарына кірді – Ел жаңалықтары

Қазақстандық қыз әлемнің ең үздік 50 сомельенің қатарына кірді – Ел жаңалықтары

75

Қазақстандық Даяна Насырова Best Sommelier of the World-2019 байқауының қорытындысы бойынша 38-ші орынды иеленді. Бұл туралы Халықаралық сомелье федерациясының сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлемнің әр елінен келген сомелье мамандары Бельгияның Антверпен қаласында бақ сынады. 

Биыл байқау 50-ші рет өтті және онда тұңғыш рет Қазақстан өкілі қатысты. Сонымен қатар, 21 жастағы Даяна Насырова ең жас қатысушы болды. Оның қарсыластарының арасында 60-тан асқан қатысушылар да болды. 

«Байқауда 66 қатысушы болды, мен Ұлыбритания (бұл ел-шарапты тұтыну бойынша көшбасшылардың бірі және шарап біліміндегі көшбасшы), Чехия, Украина, Испания, Хорватия және т.б. елдер қатарынан 38-ші орынға ие болдым. Байқау тапсырмалары шарап өндіру, шарап өндіру технологиясы, күшті алкоголь, сыра, сигар, шай, су және кофе өндірушілер, сондай-ақ шараптың дегустациясы, белгіленген уақытта шарап заттаңбасына сәйкес шарап беру мәселелерін қамтыды», – деді Насырова.

Байқауда Германия өкілі Марк Алмерт жеңіске жетті. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАҚШ-та өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы бірінші рет мерзімінен бұрын жеңілді – Бокс
Келесі жазбаӘйгілі «Жетіген» ансамблінің солисі Қоблан Мусин қайтыс болды – Ел жаңалықтары