Home Жаңалықтар АҚШ-та өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы бірінші рет мерзімінен бұрын жеңілді –...

АҚШ-та өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы бірінші рет мерзімінен бұрын жеңілді – Бокс

63

Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған қазақстандық боксшы Асхат Уалиханов спорттық мансабында бірінші рет жеңіліске ұшырады, – деп хабарлайды Vesti.kz. Ол барлық жекпе-жегін АҚШ-та өткізген. 

Алтыншы кездесуде қазақстандық боксшының қарсыласы пуэрторикалық Хосе Лопес болды. Жартылай орта салмақта сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын пуэрторикалық боксшының жеңісімен аяқталды. Уалиханов жетінші раундта шаршы алаңға шықпады. 

Осылайша, 28 жастағы қазақстандық боксшы спорттық мансабында екінші рет жеңілді және бірінші рет мерзімінен бұрын есе жіберді. 27 жастағы Лопес болса кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, оныншы кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Сонымен қатар, ол осыған дейінгі кездесуде қарсыласымен тең түскен. 

Айта кетейік, Уалиханов америкалық Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған. Ол 2017 жылдан бері барлық ресми кездесулерін АҚШ-та өткізді. Бірінші жекпе-жегінде ол қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген еді, алайда тәртіп бұзғаны үшін дисквалификацияға ұшыраған еді. 

Ол Қазақстанда 2018 жылы желтоқсанда украиналық Ярослав Юровпен жұдырықтасты, алайда бұл кездесуді Boxrec сайты тіркеуге алмады. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба18 жастағы суретші қыз «Теміртау аруы-2019» байқауында жеңіске жетті – Мәнер
Келесі жазбаҚазақстандық қыз әлемнің ең үздік 50 сомельенің қатарына кірді – Ел жаңалықтары