Home Жаңалықтар Қазақстанда зейнет жасы 67 жасқа көтеріле ме?

Қазақстанда зейнет жасы 67 жасқа көтеріле ме?

36

Қазақстанда зейнетке шығу жасын 65-67 жасқа көтеру жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол жалған. Неге десеңіздер, журналист теріс ақпарат берді. 65-67 жасты айтқанда Еуропа мемлекеттерінің тәжірибесін мысалға келтірген едім. Бұл цифрларды тек мысал ретінде ғана келтірдім. Қазақстанда ондай жоспар жоқ. Қазір бұл мәселе талқыланбайды да», – деді Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Естеріңізге сала кетсек, еліміздің кейбір бұқаралақ ақпарат құралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловқа сілтеме жасай отырып, елімізде зейнетке шығу жасын 65-67 жасқа көтеру мәселесі талқыланатындығын хабарлаған еді.

inform.kz

Алдыңғы жазба2 пайыздық ипотека: Қанша отбасы пәтер алады
Келесі жазбаБірнеше шетелдік әуе компаниясы Қазақстан нарығына кірмек