Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатқанын жазған болатынбыз. Берік Әбдіғалиұлы 2022 жылы маусымда Ұлытау облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.