Home Жаңалықтар Алдағы дағдарыстың саяси бояуы басым

Алдағы дағдарыстың саяси бояуы басым

43

АҚШ-тың Ресейге  қарсы 15 қараша күні күшіне енетін дағдарыстың кейінге қалдырылуын сарапшылар Мәскеуге берілген мүмкіндік деп баға беріп жатыр. РФ АҚШ-тың ФРЖ-нің бұл шешімін қалай қабылдап алғандығы туралы БАҚ әзірге тіс жарған жоқ.

РФ ғана емес, ЕАЭО елдері де ФРЖ-нің соңғы шешімін күтіп іштен тынып тұр. Соққыны тікелей қабылдамасақ та, жанама әсерін сезетініміз айдан анық. Себебі көрші елмен байланымыз тым тереңдеп кеткен. Қазақстанның шикізат ресурсындағы компанияларға көрші елге салынған санкцияның әсері бізде басы ашық, талданған жоқ. Көңілге медеу тұтарымыз  – АҚШ-тың сауда министрінің уәдесі ғана.   Бұл туралы Экономика министрі Тимур Сүлейменов «Бұл жоспарлы іс-әрекеттердің ауқымы үлкен. Құпия бөліктері бар болғандықтан, мен ол туралы айта алмаймын. Құжат бар»,  дегеннен басқа ештене айта алмай отыр.

Ал сарапшылаар болса, Ресейдің уәдесінен бізге АҚШ пен Батыс елдерінің инвестициясы артық деген пікірге басымдық бере бастады. Себебі  ФРЖ пайыздық мөлшерлемені Ресейге қарсы қаржы дағдарысын жеделдету мақсатында көтеріп жатқан жоқ. Олардың өз мүддесі бар. ФРЖ базалық мөлшерлемесін көтермесе, АҚШ доллары құлдырайды. Көтерсе, жылдық инфляция болады. АҚШ үкіметі девальвациядан, инфляцияға басымдық беріп отыр.  Негізі екеуінен де айығу мүмкін емес.

Қазақстан тәрізді мұнай-газға тәуелді дамушы елдердің нарығы жыл сайын қысқарып, жоғары техннологиялық өнім шығарумен айналысатын компаниялардың акциялары қымбаттап барады.

Мұндай жағдайда инвесторлар қайтарымы күмәнді жобаларды емес, болашағы мол компаниялардың акцияларын сатып алатыны белгілі.

Қазақстандық қаржыгер Ілияс Исаев 2008 жылғы дағдарыс пен 2018 жылғы дағдарыстың себеп-салдарының әртүрлі екенін айтады. 2008 жылғы факторға  көбік активтер себеп болған.  Банктерде құнды қағаздардың жинақталып қалғаны соншалықты, оның құнын анықтау мүмкін болмай қалған. Осы тұста Ресейдің Жинақ банк қауіпті сейілту үшін активтерді сатып алып, несие берумен айналысатын қаржы ұйымдарын арзан несиемен қамтамасыз еткен. Артында бұрынғы КСРО елдерінде несиелік дүмпу басталған.  Осы мүмкіндікті қалт жібермеген АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі 4,5 трлн АҚШ долларына сатып алған құнды облигацияларды айналымға жіберген еді. Бұл қаржы бизнесті айналып өтіп, қор биржасына жетті де көбік жарылып кеткен.

Ілияс Исаевтың айтуынша, АҚШ-тың пайыздық мөлшерлемені жоғарылатуы немесе төмендетуі баяғыдай ықпал ете алмайтынын айтады. Әлемдік экономикаға  АҚШ долларының 47 пайызға дейін төмендеп кетті. АҚШ-тың нысанасына ілініп отырған Ресей Федерациясындағы құнды қағаздар мен облигациялардың 40 пайызы Еуромен сақталған. Бұл Ресей экономикасының АҚШ долларына тәуелділігі азайып барады дегенді білдіреді.

« Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ саммитінде ұйымға мүше елдерді ұлттық валютамен есеп айырысу туралы мәселе көтерді. Бұл ұсыныс тек мүше мемлекеттердің ғана емес, бақылаушы мемлекеттердің де көңілінен шықты. Жапония, Германия тәрізді алпауыт елдер доллардың үстемдігіне мүдделі емес. Олар ұлттық валютамен есеп айырысуды әлдеқашан бастап кетті. Әлемдік қаржы балансындағы үлес салмағынан айырыла бастаған АҚШ пайыздық мөлшерлемені жоғарылату немесе сауда соғысын бастап, доллардың үстемдігін сақтау үшін жанталасып жатыр»,

– дейді Ілияс Исаев.

Ресейлік қазіргі заманғы даму институтымен Қаржы және экономика бағыты бойынша жетекшісі Никита Масленников  жыл аяғына қарай  дағдарыс туралы алып-қашпа болжам емес, нақты айтылады деді. Әлемдік экономиканың динамикасының өсетіні де, кері кететіні де сол кезде белгілі болады екен. « Мен  екі түрлі нұсқаны көріп тұрмын.  Егер АҚШ-тың Федералды жүйесі базалық мөлшерлемені бірден көтеріп жіберсе, бұл дағдарысты жеделдетеді. Ал ол қалыпты жағдайда өтсе, нарық оған дайындалуга мүмкіндік алады, – дейді Никита Масленников.

Қазақстандық сарапшы Мағбат Спанов әлем құбылмалықты бастан кешіп жатқанын, оның жалғаса беруі заңдылық екенін айтады.  Оның пайымдауынша, ең қорқыныышты болжамдардың өзі орындалды. Және ол жалғасып жатыр. 2008 жылғы дағдарысқа тек экономикалық факторлар сеебеп болса, бұл жолы оның саяси бояуы қалыңдап кетіпті. Бұл жолы Вашингтонның мұнай нарығындағы ықпалы мен АҚШ және Батыс елдерінің Ресейді тізе бүктіругісі келіп тұрғандығы шешуші рөл атқарып тұр.   Бірақ, бұл жолғы дағдарыс сыртқы емес, ішкі факторға көбірек тәуелді.

Мағбат Спанов 2005 жылдардан бастап мемлекеттің бизнестегі үлесінің күрт артқанын еске түсірді. Үкімет мұны ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз деген ұранмен жүргізді. Нәтижесінде мемлекетте баға саясатына ықпал етіп отырған бірнеше монополист компаниялар пайда болды.

–2017 жылға дейін біз екі дағдарыстың қыспағында болдық. Бірі – әлемдік дағдарыс, екіншісі – мемлекетті басқарушылардың дағдарысы. Бірінші кезекте ішкі даағдарыстың түйінін тарқатып алу маңызды.  Мұнай бағасы өссе, жағдай түзеледі» деп үміттенудің қажеті жоқ  –дейді Мағбат Спанов.

Рауан Ілиясов,

саясаттанушы

 

Алдыңғы жазбаДинара  Мәлік. Бұралаң жолдар бұралаң
Келесі жазбаИманын сатқан «имамдар»