матыда коронавирустың тағы 5 оқиғасы тіркелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Осылайша, елде COVID-19 жұқтырғандардың саны 150-ге жетті.
«Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты тіркеудің 150 оқиғасы расталды, оның ішінде Нұр-Сұлтанда — 75 жағдай, Алматы — 55 жағдай, Қарағанды — 4 жағдай, Жамбыл облысында — 3 жағдай, Атырау облысында — 3 жағдай, Ақмола облысында — 3 жағдай, Шымкент — 2 жағдай, Алматы облысында — 1 жағдай, Ақтөбе облысында — 1 жағдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 жағдай, Павлодар облысында — 1 жағдай, Маңғыстау облысында — 1 жағдай», — делінген хабарламада.
































