Home Жаңалықтар Қазақстанда электронды билет сату 8 есеге өсті

Қазақстанда электронды билет сату 8 есеге өсті

48

Жолаушылар пойызына электронды билет сату 8 есе өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалына» сілтеме жасап хабарлайды.

Электронды билет сатып алу  өте қолайлы.  Бұл тұста жолаушы кассада кезекте тұрмай интернет желісі арқылы үйде не болмаса офиста отырып керек бағыттағы жол жүру билетін сатып ала алады.

2014 жылы қазақстандықтар интернет арқылы   2  545 718  млн  билет сатып алса, келесі жылы бұл көрсеткіш  6,7 млн-ға дейін өсті. 2016 жылы   11,6 млн билет сатылса, 2017 жылы ғаламтор арқылы 14,8 млн жолаушы жол жүру құжатын алған.

2018 жылы  интернет арқылы  16 264 373 млн билет сатылды.

Естеріңізге сала кетейік, EPAY.RAILWAYS.KZ арқылы  билет алсаңыздар комиссия  ұсталмайды.

Ұлттық тасымалдаушы жол билеттерін тек аталмыш сату орындарында алуларыңызды сұрайды. Егер де заңсыз билет сатқан фактілерге тап болсаңыз – міндетті түрде жол торабындағы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлеріне шағымдануға болады.

 

Алдыңғы жазба«Nur Otan» партиясынан президенттікке кандидат анықталады
Келесі жазбаАтырауда «Тұлғалар аллеясы» ашылды