Home Жаңалықтар Павлодарда жасырын бақылайтын патруль көліктері пайда болды – Ел жаңалықтары

Павлодарда жасырын бақылайтын патруль көліктері пайда болды – Ел жаңалықтары

41

Павлодар көшелерінде ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеу және жасырын бақылауға арналған патруль көліктері пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап. 

Жергілікті полиция енгізген жаңалықтың арқасында 12 құқық бұзған жүргізуші куәлігінен айрылды. Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 54 жүргізуші анықталды, 24 материал сотқа жіберілді.

Жасырын бақылаудағы арнайы көліктер байланыс құралдарымен, мобильді тіркеуіштермен және өзге де арнайы техникамен жабдықталған. Сондай-ақ, жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғылар бар.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаКенгір қырғыны
Келесі жазбаДанияр Елеусінов АҚШ-та тәжірибелі мексикалық боксшыны жеңді – Бокс