Home Жаңалықтар Қазақстанда 083, 086 анықтамаларынан бас тарту ұсынылды – Ел жаңалықтары

Қазақстанда 083, 086 анықтамаларынан бас тарту ұсынылды – Ел жаңалықтары

32

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев № 083, № 086 анықтамаларынан бас тартуды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Соңғы уақытта азаматтар № 083, № 086 анықтамаларын жинаудың қандай қажеті бар екенін айтып жүр. Бұл құжаттар шешім шығаруға еш әсерін тигізбейді. Оған қоса, осы анықтамалардың заңсыз сатылымы индустрия түрінде дамыған», – деді Шпекбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа жиынында. 

МҚІСЖҚА басшысы елімізде мемлекеттік қызмет түрлерін одан әрі жақсарту қажеттілігін айтты. «Мен ұсыныстарым осы, қажетсіз құжаттарды қысқартайық», – деді Алик Шпекбаев.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАлматы полициясы қалта ұрыларының суретін жариялады – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаБаянауылдағы қайғылы жағдай: Отбасынан айырылған қыздарға пәтер беріледі – Тосын жай