Home Жаңалықтар Қазақстан Сириядағы азаматтарын қайтару операциясын жалғастырады

Қазақстан Сириядағы азаматтарын қайтару операциясын жалғастырады

48

Сыртқы істер министрлігі мен өзге де органдар Сириядағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау операциясын жалғастыра береді. Бұл туралы 21 қаңтарда министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Бұл операция кезінде 1-5 жас аралығындағы балалар басты назарда болды. Олардың көбі Сирия аумағында дүниеге келген» деді ол.

Бұған дейін 9 қаңтарда президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 47 азаматы Сириядан оралғанын мәлімдеген.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ қолдайтын күрдтердің Сирия демократиялық күштері Қазақстанның ондаған азаматын еліне берген. Олардың бесеуі – ДАИШ сапында соғысқандар.

2018 жылы шілде айында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Азаттыққа Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткенін хабарлаған.

Алдыңғы жазбаАуғанстанда «Талибан» шабуылынан 12 адам қаза тапты
Келесі жазба«407-410 теңгеден аспайды»: 2019 жылы доллар бағамы қанша болады?