Home Жаңалықтар Қазақстан-Ресей шекара бекетінде жүк көліктерінің өтуі қиындады

Қазақстан-Ресей шекара бекетінде жүк көліктерінің өтуі қиындады

35

18 маусымда Солтүстік Қазақстан облысындағыҚазақстанРесей шекара бекетінде жүккөліктерінің кезегі пайда болды деп хабарлайдыАзаттық тілшісі.

Облыстағы Мамлют ауданындағы «Жаңа жол» шекара бекетінде жиналған жүк көліктері кезегібір жарым шақырымнан асады. Екі ел арасында тауар таситын жүк көліктерінің жүргізушілерішекарадан өту үшін кезекте он сағаттан аса уақыттұратынын айтады.

– Кептеліс жиі болады. Әсіресе аптаның соңынақарай. Сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндерішекарадан өту мүлдем қиын. Кезектетаңертеңнен кешке дейін тұрамыз. Өткен аптадакешкі сағат бес жарымда келгеннен таңғы сағаттөрттен кете шекарадан өттім, – деді Азаттыққакөлік жүргізушілердің бірі Борис Юдин.

Шекара қызметі көлік кептелісін бақылаубекетінде биыл мамыр айының соңындабасталған жөндеу жұмыстарымен түсіндіреді.

– Жолды күрделі жөндеу жұмыстары басталғаныжәне қозғалыс жолақтарының кеңейтіліпжатқанына байланысты «Жаңа жол» өткізубекетінде көлік қозғалысына уақытша шектеуқойылды. Мемлекеттік шекарадан өтіп жатқаназаматтардан алдын ала кешірім сұраймыз, – шекаралық бақылау бөлімшесінің басшысыАлмат Еңсебаев.

Оның сөзінше, жөндеу жұмыстарын биылғыжылдың қазан айына дейін аяқтау жоспарланған. «Жаңа жол» өткізу бекетінен күніне орташаесеппен төрт мыңға жуық адам және 900-ге жуықкөлік өтеді.

Алдыңғы жазбаLRT құрылысына қатысты жағдайды жіті зерттеу қажет
Келесі жазбаМинистрлік: 2018 жылы браконьерлерден 500 киік тәркіленді