Home Жаңалықтар Қазақстанда Жастар жылына қанша ақша бөлінеді? – Ел жаңалықтары

Қазақстанда Жастар жылына қанша ақша бөлінеді? – Ел жаңалықтары

61

Қазақстанда Жастар жылына республикалық бюджеттен 24,6 миллиард теңге бөлінеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«18-29 жас аралығындағы азаматтарға 3 миллион теңге көлемінде 200 грант бөлінеді. Ол үшін «Бизнестің жол картасы 2020″ бағдарламасы аясында 600 миллион теңге қарастырылып отыр. Гранттар инновациялық, IT, сондай-ақ, тиімді және қажетті бизнес жобаларды таныстырған жастарға бөлінеді. Бұл жастарға кәсіпкерлік ынтасын жоғарылатуға мүмкіндік беріп, мемлекеттің қаржыландыруы арқылы жақсы start up бастауға мүмкіндік береді»,   -деді қаржы вице-министрі Татьяна Савельева.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 9 мың мемлекеттік грант бөлу қарастырылып отырғаны айтылады.

Вице-министр гранттардың «Бастау Бизнес» жобасындағы кәсіпкерлік негіздері курстарынан өткен қатысушыларға берілетінін айтты.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаКөктемде Қазақстанның қай өңірлерін су басу қаупі бар – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаҰлттық бюро жаңа сыбайлас жемқорлық істері туралы хабарлады – Қылмыс