Қазақстанның Ұлттық статистикалық бюросы 1 қаңтар мен 1 ақпан аралығындағы халық саны туралы ақпаратты жариялады.
1 қаңтардағы статистика бойынша, Қазақстанда 20 053 665 адам тұрады. Бір айда қазақстандықтар саны 20 119 адамға өсті.
Ең көп халық Алматы қаласы (2 234 963 адам), Түркістан (2 142 058 адам) және Алматы (1 532 985 адам) облыстарында тұрады.
Қазақстандағы миллионнан аса халқы бар қалалар мен облыстарға Астана (1 437 645 адам), Шымкент қалалары (1 222 055 адам), Жамбыл (1 222 618 адам) және Қарағанды (1 135 048 адам) облыстары да кіреді.
Қазақстандықтардың басым бөлігі (12 473 658 адам) қала тұрғындары. Ауылдық жерлерде 7 580 007 қазақстандық тұрады.
Еске салайық, қаңтарда статистика бойынша Қазақстанда 20 033 546 адам тұрған. Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 266 739 адамға өсті.