Home Жаңалықтар Қазақстан халқы қартайып кетті: қарттар үлесі 14%-ға жеткелі тұр

Қазақстан халқы қартайып кетті: қарттар үлесі 14%-ға жеткелі тұр

54

Қазақстанда соңғы 10 жылда халық санының өсімі жылына 1,5% құрады, деп хабарлайды /tazael.kz/ Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2019 жылдың басында елде 18,4 млн адам тіркелді.

Қазақстанда халық санының өсімі қарт адамдар үлесінің тұрақты өсуімен қатар жүреді. Қарттар үлесінің өсуі Қазақстанда қатты байқалуда: 2014 жылы жасы 65-тен асқандар халықтың 6,8 пайызын құраса, 2018 жылдың соңында олардың үлесі 7,5% болды.

Болжамдық деректерге сай, елде қарт адамдар үлесі әлі екі есеге дейін өседі, 2050 жылы олардың үлесі 14,1 пайызға жеткелі тұр.

Жалпы, БҰҰ-ның халық жасына қатысты шкаласы бойынша, Қазақстан халқы кәрі саналады.

 

Алдыңғы жазбаЖыры бітпеген зейнетақы қоры…
Келесі жазбаІІМ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады