Home Басты жазба Ескерткіш  тілімен сөйлеген  тарих  қажет!

Ескерткіш  тілімен сөйлеген  тарих  қажет!

28

Мамыр айының 7  жұлдызында  яғни  тәуелсіз еліміздің Қарулы күштері  құрылғаны күніне  һәм  Ұлы  жеңістің   80 жылдығына  арналған әскери  парад  өтпекші.  Кеңес елі  «Ұлы  Отан  соғысы»  ал,   өзге  жұрт  «Екінші  Дүниежүзі  соғысы» деп аталған  негізі  кеңес-герман  соғысына  жер  бетіндегі  61  мемлекет  тікелей  һәм  жанама  түрде  қатысты. Яғни  әлем  халқының  80  пайызы  соғысқа шарпылды. 110 миллион  адам  әскерге  шақырылды.  Соғыс  40  мемлекеттің  жерінде  жүрді. Қанды қасапта  55-60  миллион  адам шейіт  болды.  Ал,  ортақ  шығын  4 триллион  доллар көлемінде  деп есептелді.  Ал,  өзімізге келсек,  соғыс алдында  200 мыңға  тарта Қазақстан  (ол  кезде Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республика ( КСР) деп аталдық.  КСРО-ның  құрамында) азаматы  Қызыл  армия  қатарында азаматтық  борышын  өтеп  жатты.  Соғыс  басталғанда майданға  1 миллион 200  мың  боздақ  аттанды.  Соның  600  мыңы   ұрыс  алаңында  қаза  тапты.  Іс-түзсіз кетті. Қаза  болғандар  халықмыздың  11,2  пайызын құрайтын  еді.  Аз  шығын емес. «Соғыстың құны –  қираған  жамбас,  соғыстың  құны  -қураған  мың бас!» -деп  ақындарымыз  бекер  жыралаған жоқ. Демек, Ешкім де,  еш  нәрсе де  ұмтылуға  тиіс емес!

Әлбетте,  айтқымыз келгені  бұл  емес. Сәл  өзгешелеу. Ел  ордасы Астанада жетпей  тұрған  бір нәрсе  бар.  Ол  «Батырлар»  аллеясы.  Мәселен, Алматыда  7  мамыр   Қазақстан  Қарулы  күштері  құрылған  күні  және  Фашистік  Германияны  жеңген  9  мамыр күні  Панфилов  паркіне  барып,  ондағы  «Даңқ»  ескерткіш  кешеніне жұрт барып  тәжім етіп,гүл  қойып,  соғыс  құрбандарын еске алып  жатады.  Дәл сондай   кешен  Астанаға  жетпей  тұр.  Мәселе  тек  Екінші  Дүниежүзілік соғыс  құрбандарына  арналған  емес.  Исі  қазақ  халқының  жүріп  өткен  жолындағы қиын-қыстау кездерінде  қолына  қару  алып,  елдікті  сақтап  қалған  боздақтарға арналған  кешен  болуы  тиіс!  Елмен  жерді  қорғаған батыр  ұлдарымыз  Жоғңғарлармен  жүз  жыл  соғысты. Қытай  мен  де,   оңтүстік  те   қырғыз  һәм Хиуа,  Бұқар  хандығымен  де,  Патшалық  Ресеймен  де   қидаластық. Ұлт  болып  аман  қалу  үшін!  Ел  үшін,  жер  үшін,  қара қазан,  сар  баланың  қамы  үшін! Осының   бәрін таразылай  отырып,  үлкен тарихи  ескерткіш кешенін  тұрғызсақ жөн  болар еді. Бағана  тастар  қойып,  оларға  ел  қорғаған  батырларымыздың  аты –жөндері  жазылса  құба  -құп  болмақ. Бұл  ескерткіш  тілімен сөйлеген  тарих  болар еді. Бүгінгі  һәм келер  ұрпақ  өз тарихын біле  жүргенге де  септік тигізеді. Сырттан келер  ресми және  турист  ретінде  келген  қонақтарда сол  кешенге  барып  гүл  қойып, тағызым етер еді,  ғой. Бұл  мәселе, алдағы  уақытта ескерілуі  тиіс  деп ойлаймын.

Алдыңғы жазбаСауда «соғысы» Әлемді сарсаңға салмақ!
Келесі жазбаҚарағанды жолдары «ажал апанына» айналған