Home Жаңалықтар Қазақстан 15 жылға 168 миллиард теңге қарыз алады

Қазақстан 15 жылға 168 миллиард теңге қарыз алады

59

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АБИИ) арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялауға мүмкіндік беретін заң жобасын қарауға алды.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның мәліметінше, несиелік келісімге Астанада 2024 жылғы тамызда қол қойылған.

«Азия даму банкінен Қазақстанға 52,3 миллиард йен сомасында (167,4 миллиард теңге – еск.) беріледі. 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, өтеу мерзімі 15 жыл», – деді Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде экономиканың тұрақтылығын қолдау үшін Қазақстанға қаражат қажет.

«Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасын пысықтауға және ол бойынша қорытынды дайындауға дайын. Қолдауыңызды сұраймын», – деді парламентарий әріптестеріне.

Алдыңғы жазбаҚазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан президенттері стратегиялық келісімге қол қойды
Келесі жазбаҚазақстанға кімдер келіп жатыр?