Home Басты жазба Қазақ мұнайының қожасы кім?

Қазақ мұнайының қожасы кім?

190

Иісі қазақ өз  жерінде аста-төк  байлық төгіліп  жатсада,  соның  пайдасымен  қызығын  көре алмай отырған   ұлт. Отыз  жылдық  экс-президент  Назарбаевтың  дәуірінде мемлекет  үшін  стратегиялық  маңызы  бар талай кен – кеніштер  шетелдіктердің қолына арзымайтын  бағаға  өтіп кеткені  белгілі.  Қысқасы  қазаққа  тиеслі байлықтың  пайдасын   шетелдік  компаниялар  көруде.  Дегенмен  Тоқаев  билікке келгеді  бері, бір  «жылымықтың»  лебі есе  бастағаны  белгілі.  Ол Ұлттық  компаниялардың  кеніштердегі  үлесін  арттыру  болып табылады.

Қазақстанда заңнамасындағы өзгерістер күшіне енді, енді заңға сай ұлттық компанияларының ірі мұнай кеніштеріндегі үлесі 50 пайыздан кем болмайды. Қазіргі таңда еліміздегі үш мегажобадағы батыс компанияларының үлесі 75 пайыздан 90 пайыз аралығында.

Ел президенті қол қойған заңдағы негізгі бағыттар төмендегідей: геологиялық барлауды дамыту, көмірсутектердің ірі кеніштеріндегі ұлттық компаниялардың үлесін (50% және одан жоғары) бекіту.

Қазақстанның Энергетика министрлігі хабарлағандай, заңға енгізіліп отырған өзгерістер Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» жолдауынан кейін қабылданған-ды.

EADaily хабарлағандай, батыс компаниялары еліміздегі барлық үш мегажобаны бақылауға алған. Мәселен, Теңіздің 75% америкалық Chevron и ExxonMobil-дің бақылауында. «Қарашығанақтың» 76,5% итальяндық Eni мен нидерландық-британдық Shell және американдық ExxonMobil компаниялары қанжығасына байлаған. Ал «Қашағанда», өз кезегінде, американдық, европалық жәнежапондық компаниялар 90%-дан астам иеленіп алған. Атап айтарлығы, «ҚазМұнайгаз» компаниясының үлесі 8,4%-дан 20%-ға дейін ғана.

Айтпақшы,  еліміздегі  мұнайды  өндіруде  америкалық компаниялардың үлесі  30  пайыз, еуропалықтардың  үлесі 8 пайыз  ал  қытайлардың  үлесі  20  пайыз  екен.

Қайрат  Болатұлы, сарапшы

Алдыңғы жазбаБАБАЛАР ЖАЙЛЫ СӨЗ
Келесі жазбаМемлекет басшысы 2023 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды