Алматыда «Ұлттық кітапхананың» Н. Дәулетова атындағы залда Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында басып шығарылған «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты кітап сериясының тоқымқағары өтті.
Тоқымқағар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ел тарихы мен халықтың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарау мүмкіндігі назарда болатын жаңа «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында үндестік табады.Кітап сериясында қазақстандық заманауи жазушылардың 9 шығармасының ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдеріндегі аудармалары ұсынылған. Олар С. Елубайдың «Ақ боз үй», К. Салғаринның «Қазақтар», Д. Исабековтың «Қарғын», Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз», О. Сүлейменовтің «Язык письма: Взгляд в доисторию о происхождении письменности и языка малого человечества», Б.Нұржекеевтің «Әй-дүние-ай», Ш.Мұртазаның «Бойтұмар», М. Әуезовтің «ГЛАВПОЧТАМТ», Ш. Күмісбайұлының «Балалық шақ — балдәурен» шығармалары.
Д. Балабекұлы (сурет автордікі)