Home Жаңалықтар Елордада үш арысқа ескерткіштер орнатылады

Елордада үш арысқа ескерткіштер орнатылады

36

Елордада қазақтың үш арысы – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинге ескерткіштер қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар басталып кетті. Соның аясында тұңғыш рет елордамызда №87 Абай атындағы мектепті аштық. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, оның есімін Оқушылар сарайына беру жоспарланған. Биыл халықаралық деңгейдегі Жазушылар конференциясы өтті. Соның аясында Абай даңғылында Жазушылар аллеясын салдық. Сол аллеяда үш арыс – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай ескерткіштер орнатылады. Өзге де тұлғаларды ұлықтау үшін білім-ғылым ошақтарына белгілі қайраткерлердің есімін беруді жалғастырамыз», – деді қала әкімінің орынбасары.

 

Алдыңғы жазбаСауд Арабиясының тақ мұрагері: Мұнай бағасы күрт қымбаттауы мүмкін
Келесі жазбаБірғаным Әйтімова лауазымды қызметке тағайындалды