Home Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев: Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз

Қасым-Жомарт Тоқаев: Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз

50

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзінің Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырған ҚР Президенті: «64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз»,-деп жазды.

 

Алдыңғы жазбаЖеке ұшағын сақтандырған. Елордада сот төрағасына қатысты тексеріс басталды
Келесі жазбаАҚШ вирус жұқтырғандар бойынша әлемде бірінші орынға шықты