Home Басты жазба Қашағанды қайтара аламыз ба?

Қашағанды қайтара аламыз ба?

192

Еліміздің экономикасы  мұнайға тәуелді.Ащы ақиқат  осы. Экономиканы «әртараптандырамыз»  деген  әңгіме айтылғалы  он  шақты  жыл  болды. Бірақ  «баяғы  жартас  сол  жартас»  қалпында  қалуда. 

Мәселен, 2022 жылы  сыртқа  84,4 млрд. доллардың  өнімін   шығарыппыз.Алайда  оның 46,9 млрд. доллары  мұнайға (55,5 пайызы) тиселі.  Бұл  көрсеткіш 2023 жылыда сақталыпты. Демек  мұнайсыз  Қазақстанның  күні  жоқ.  Батыс аймақтарда орналасқан   Қашаған,  Теңіз,  Қарашығанақ  тб.   кеніштер елдегі мұнайдың  80  пайызын  беріп отыр. Алайда мұнайдан  түсетін  пайда қазақстандықтардың  аузынан  ақ  май ағызып,  мемлекеттің   қазынасын  қампайтып  жатыр  деп  айта аламыз  ба? Жоқ. Әлбетте,  мына  деректерге  көз  салсақ, әлгі «жоқ»  деген  пікірімізге  сізде  қосылатыныңыз  анық.  Қазақстан  тәуелсіздік алған  соң  зерттеліп,  игерілген  һәм  әлемдегі ең ірі  мұнай  кеніштерінің  біріне  жататын кен  орны –Қашаған.  2000  жылы  ашылды.  Мұнай  қоры 6 млрд.  тонна  деп  есептеледі.  Оны  игеріп  жатқан  компаниялар  тізбегі  мынадай: ҚазмұнайгазEniShellExxonMobilTotalEnergiesҚытайдың ұлттық мұнай  газ  корпорациясы  және Жапонның Inpex  мұнай-газ  компаниясы. Компаниялардың  аттарына  қарасаң  ат  үріккендей  әлемдік  алпауыттар. Бірақ бұлардың  Қашағанды  игеріп,  Қазақстанға  мыс-мыс ақша  төгіп  жатқаны  шамалы.  Мәселен  осы  кеніште  өндірілген  мұнайдан  түсетін  пайданың  2  пайызы  ғана  Қазақстанда  қалатын  көрінеді.Қалғаны  қайда? Әрине  әлгі алпауыттардың  қалтасында. Бұл келімшарт  масқара  жағдайда  қалай  жасалды?  Үкіметтің  не  ойлағаны  бар? Қашаған елімізде  өндірілген  мұнайдың  20 пайызын  беріп   отыр. Бұдан   мемлекет бюджетіне  түсетін  пайда  2  пайыз  ғана. Күлкілі  ме,  күлкілі!Онымен  қоймай тәулігіне 1 миллион  200 мың  баррель  мұнай  өндіреміз  деп  міндетте ме алған алпауыт  компаниялар  ол  өреден  табылмай  не  бәрі  400  мың  баррель мұнай өндіруде. 2005 жылы  алғашқы  өнімін   беруге  тиіс   бұл  кеніштегі   жұмыс    тек 11  жылдан кейін  яғни   2016 жылы  ғана мұнай өндіруді  қолға  алды. Ұтылған  тағы   Қазақстан билігі.  Әрине, бұл  еліміз үшін  өте  тиімсіз. Содан  болар  Қазақстан  жағы  халықаралық  арбитражға  шағым  түсіріп, қазынаға  түспей  қалған 138  млрд.  долларды  төлесін  деп  отыр. Бірақ әлемдік  трансұлттық   компаниялар  Қазақстанның талабын  орындай  ма, жоқ  па? Белгісіз. Әлбетте,  бұл талап  орындала  қояды  дегенге  сенім аз.  Тіпті  өткен  жылы  Энергетика минисрлігі  Қашағанда  үлесі бар акционерлердің  үстінен  13 млрд. долларға  шағым  түсірді. Бұдан тыс  қоршаған  ортаға,  экологияға  зияны  тиді  деп  тағы 5 миллиард  доллар  төлеуді  талап  етті. Алайда,  министрліктің   бұл шағымдарына  пысқырып тұрған   олар  жоқ.  Өз  дегенін  істеп  отыр.  Осы орайда айтайын  дегеніміз, Қашағанды  иегеріп жатқан  компаниялар  өз  міндетемелерін  дұрыс  орындамайды екен,  онда  Қазақстан  Үкіметі  олармен  жасасқан келісім шартты  қайта  қарауы  тиіс. Әрі  ұлтық  мүддеге  сай қатаң  талаптар  енгізгені  жөн.

Азаматхан  Әміртай «Жасылдар»  партиясының  төрағасы

 

Алдыңғы жазбаАрмения АҚШ-пен бірлесіп, әскери жаттығу өткізеді
Келесі жазбаГүлшарат ЖҰБАЕВА, актриса: Өнерді ақшамен өлшемеймін