Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
«Аuto Seller» ЖШС басшылары автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) екі-үш ай ішінде тең бөліктермен төлей отырып, нотариалды куәландырылмаған сатып алу-сату шарттарын жасасып, олардың автокөліктерін 20 пайызға қымбат сатып алуды ұсынған.
Осыдан кейін бұл автомобильдер көлікті сатуды жүзеге асыратын жаңа тұлғаларға ақшалай қаражатты одан әрі төлеу мақсатында үшінші тұлғаларға төмендетілген бағамен сатылды», – делінген хабарламада.
Сатып алу-сату шарттарына сәйкес залал сомасы 404 миллион теңге болған.
«Сот Д.И. Дәулетовты 9 жылға, А.Т. Жанасаевты 8 жылға, К.А. Құдасовты 7 жылға және О.Б. Жайлаубайды 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды».
Үкім заңды күшіне енген жоқ.