Home Жаңалықтар Қарағандыда патруль көлігімен болған жол апаты салдарынан ер адам қаза тапты –...

Қарағандыда патруль көлігімен болған жол апаты салдарынан ер адам қаза тапты – Тосын жай

43

Қарағандыда жеңіл автокөлік жүргізушісі қарсы жолақтағы патруль көлігімен соқтығысып, қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NV.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 4 ақпанда болды.

Audi жүргізушісі кондитерлік фабрика жаққа келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Нәтижесінде Mercedes-Benz автокөлігімен, кейін УАЗ қызметтік көлікпен соқтығысқан», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Audi жүргізген ер адам ауруханаға түскен бетте көз жұмды. Сондай-ақ, қызметтік көліктің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Іс бойынша тиісті сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаКонституциялық кеңес Елбасы өтінішін қабылдады – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаҚарағандыда патруль көлігі жол апатына ұшырады: Ер адам қаза тапты – Тосын жай