Home Жаңалықтар Қарағанды орталығындағы аялдамада ер адамдар төбелесті — Тосын жай

Қарағанды орталығындағы аялдамада ер адамдар төбелесті — Тосын жай

234

8 наурызда күндіз Қарағанды орталығындағы аялдамада төбелес болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, мас жолаушылар автобус жүргізушісі мен кондукторға шабуыл жасаған. Оқиғаны телефон камерасына түсіріп, видео Желіде жарияланды. «Мереке құтты болсын арулар! Біздің серілер сіздердің ар-намыстарыңыз үшін күресіп жатыр», — делінген Instagram желісіндегі vkaragande.kz парақшасында жарияланған видеоның сипаттамасында. 

Ескерту, видеода бейәдеп сөздер айтылады.  

«Бұл 127-ші бағытында («Шахан — Қарағанды» бағытында жүретін автобус — автор түсіндірмесі) жүретін қоғамдық көлік. Сылқия тойып алған екі ер адам таңғы 10-да автобусқа кірді, кондуктор оларға ескерту жасады. Олар ешбір сөз айтпастан, жұдырық ала жүгірді. Жол-жөнекей өтіп бара жатқандар мен жолаушылар оларды ажыратты. Жүргізуші мен кондуктордың еш кінәсі жоқ», — деді оқиғаның куәгері. 

Қазіргі уақытта, полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. «Осы дерекке қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері кінәлі адамдарды анықтап, ұстау үшін қажетті шаралар жүргізіп жатыр», — делінген облыстық полиция департаментінің өкілдері. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба4 әлде 5? Қазақстанда қандай отбасы көпбалалы саналады? — Ел жаңалықтары
Келесі жазба«Жас әлем аруы — 2017» байқауының жеңімпазы 19 жасында қайтыс болды — Мәнер