Home Жаңалықтар Қарағанды әуеайлағында ұшақ апатқа ұшырады: 2 адам қаза тапты

Қарағанды әуеайлағында ұшақ апатқа ұшырады: 2 адам қаза тапты

280

Қарағанды әуежайында жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның алдын ала мәліметінше, екі адам қаза тапты.

«Бүгін сағат 16.25-те жаттығу ұшуды орындау және қонуға кіру кезінде Балапан (Қарағанды) әуеайлағында FK14 Полярис жеңіл авиацияның әуе кемесі апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша экипаж — 2 адам қаза тапты. Осы авиациялық оқиға бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы тексеруді бастайды», — делінген ААК telegram-каналында.

 

Алдыңғы жазбаШри-Ланкада тағы екі жарылыс болды — БАҚ
Келесі жазбаСәуірдің 22-сі күнгі ауа райы болжамы