Қапшағай қаласында 15 көпбалалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі Талғат Қайнарбеков тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, пәтер кілттерін табыстады. Ұсынылған үйлер Шеңгелді ауылдық округі, Заречный ауылдық округі және Қапшағайдың өзінен жергілікті бюджет және м еценаттар тарапынан сатып алынған. Бұл үйлер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа алғашқы Жолдауында берілген тапсырманы орындау мақсатында берілді. Яғни, тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру тапсырмасы бойынша.