Home Жаңалықтар Көршің жемқор болса – айтуың керек

Көршің жемқор болса – айтуың керек

44

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту керек, ондай қылмыстарды көріп тұрып хабарламағандарды жазалау керек, деді бүгін Nur Otan партиясының отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Бұл туралы көп айттық. Сайланған президент те өткенде айтты. Жұмыс істеп отырмыз, Агенттік те жұмыс істеуде, жиі-жиі басшыларды ауыстырып отырмыз. Неге? Өйткені бұл іске халықтың өзін қосқан жоқпыз. Жемқорлықты қабылдамауға. Сингапурда мынадай тәртіп бар: егер мен әріптестеріммен бір кабинетте жұмыс істеп отырып, біреуінің жемқорлық жасағалы отырғанын көрсем, және оны ешкімге хабарламасам – мені жазалайды. Өйткені айтпадым. Бізде ондай нәрсе бар ма? Тіпті психологиямызда ондай жоқ. Соған неге үйренбеске? Өзімізден бастамасақ – жемқорлықты жеңе алмаймыз, – деді Назарбаев.

Елбасы билеуші партияның қоғамды жемқорлыққа қарсы күресуге жұмылдыра алмағанын жеткізді. Сосын мысал ретінде Швейцария туралы айтып өтті.

– Ауламызда бір жаңа көлік пайда болды ма, нөмірі белгісіз. Тексеріңізші дейді. Бізде ондай адамдар ма? Кемпір отырады терезеден қарап. Белгісіз біреулер келіп, бірдеңе істеп жатса – ол хабарлайды. Иә, сондай хабар бергені үшін ақша алады. Міне, Швейцарияда жемқорлықпен күрес осылай жолға қойылған. Ал бізде осы бір жегі құртқа деген жалпыға ортақ жек көру сезімі жоқ, – деп түсіндірді Елбасы.

Алдыңғы жазбаҚабдеш ЖҰМАДІЛОВ, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері: «Қапастағы бұлбұлдар»
Келесі жазбаЕлбасы: Шенеуніктер БАҚ редакторларына қысым көрсетеді