Home Жаңалықтар «Қайрат» Чемпиондар лигасында екінші орын алды

«Қайрат» Чемпиондар лигасында екінші орын алды

60

Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының күміс медалін иеленді. 

Ақтық кезеңі Алматыда өткен турнирдің финалында «Қайрат» пен португалиялық «Спортинг» кездескен. Бірінші таймда командалар есеп аша алмады. Ал үзілістен кейін «Алматы Аренаға» келген 12 мыңға жуық жанкүйер үш гол көрді. Қазақстандық фанаттардың өкінішіне қарай, оның екеуін португалиялық клуб соқты. «Спортинг» сапынан Кавинато мен Алекс Мерлим көзге түсті. Ал матч соңына қарай Дуглас есеп айырмасын қысқартты. Артынша қақпашы Игитаның орнына бесінші ойыншы шыққанымен, алматылық клуб таразы басын теңестіре алмады.

https://www.instagram.com/p/BwzVTcVgCLa/?utm_source=ig_embed

Осылайша, «Спортинг» өз тарихында алғаш рет футзалдан Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Португалиялық клуб бұған дейін турнирдің финалына үш рет (2011, 2017 және 2018 жылдары) шығып, бәрінде де жеңіліп қалған еді.

https://www.instagram.com/p/BwzbQQRlHIj/?utm_source=ig_embed

https://www.instagram.com/p/BwzflBUlw7K/?utm_source=ig_embed

Турнирдің қола медалін испаниялық «Барса» иеленді. Каталониялық клуб үшінші орын үшін өткен матчта Испанияның тағы бір командасы, соңғы екі маусымда турнирдің жеңімпазы болған «Интер Мовистарды» 3:1 есебімен ұтты.

kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҒалымдар: Чернобыль апатының салдары әлі күнге дейін сезіледі
Келесі жазба9 үміткер. Додада дара келетін кім?