Home Жаңалықтар Президент Қазақстан халқын еңбек күнімен құттықтады

Президент Қазақстан халқын еңбек күнімен құттықтады

46

2019 жылғы 29 қыркүйек 15:52Бөлісіңіз: НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының Twitter парақшасына сілтеме жасап.  «Еңбек күні құтты болсын, отандастар! Біз Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек – бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 22 қараша 2013 жылғы жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі еңбек күні болып белгіленген.

 

Алдыңғы жазба«Сұмдық қой…». Шетелдік компанияны тексергендердің көзі алақандай болды
Келесі жазбаИлон Маск Ай мен Марсқа экипажбен ұшатын ғарыш кемесін көрсетті