Home Жаңалықтар Пенальти тепкен футболшы қақпашыны жер қылды

Пенальти тепкен футболшы қақпашыны жер қылды

46

Австралияның «Брисбен Роар» клубында ойнайтын франциялық футболшы Эрик Ботеак «Аделаида Юнайтедке» қарсы ойында пенальтиді тым ерекше әдіспен орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Француз паненка әдісімен тепті. Бірақ әдеттегідей әуелете емес, жермен домалата салды.

Паненка – пенальти орындау кезінде допты бұрышқа қатты тебетіндей түр жасап, шын мәнінде қақпаның ортасына ақырын әуелете соғу. Мұндай пенальтиді чехословакиялық футболшы Антонин Паненка 1976 жылғы әлем чемпионатында ГФР (ФРГ) қақпасына соққан. Содан бері бұл әдісті паненка деп атайды.

Алдыңғы жазбаИлья Ильин бесінші орынды қанағат тұтты
Келесі жазба«Алматы Арена» маңында төрт автокөлік соқтығысты