Home Жаңалықтар «Алматы Арена» маңында төрт автокөлік соқтығысты

«Алматы Арена» маңында төрт автокөлік соқтығысты

49

25 сәуірде кешкі уақытта Алматыдағы Момышұлы көшесінің бойында «Алматы Арена» мұз сарайына жақын маңда жаппай жол апаты болды, – деп хабарлайды «СТВ» телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes автокөлігі солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Артқа қайтып кетпек болған тұста, жүргізуші жолдың қарсы бағытында кетіп бара жатқан көліктерді жіберіп отырған. Осы кезде қатты жылдамдықпен жүйіткіген BMW автомобилі соққан.

Ары қарай, Mercedes жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Toyota Camry автокөлігіне соқтығысқан. Жапондық көлік өз кезегінде Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан Mercedes Sprinter фургонына соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. Олар әр түрлі дене жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаПенальти тепкен футболшы қақпашыны жер қылды
Келесі жазбаТиындарда теңгенің жазуы өзгерді