Home Жаңалықтар Павлодар облысында бір отбасы газдан уланып қаза тапты – Тосын жай

Павлодар облысында бір отбасы газдан уланып қаза тапты – Тосын жай

54

Павлодар облысында жүкті әйел, оның азаматтық некедегі күйеуі және екі баласы газдан уланып қаза тапты, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті денсаулық басқармасы өкілдерінің хабарына қарағанда, бұл жайт 6 ақпанда кешкі сағат 9-да Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ аулында болған.

«1980 жылғы әйел қаза тапты, оның құрсағында жеті айлық бала болған. Ол 31 қаңтардан бері аудандық емханада тіркелген. Оның азаматтық некедегі күйеуі 1979 жылғы. Ол 5 ақпанда Осакаров ауылынан (Карағанды облысы) келген. Үйде 2004 және 2007 жылғы екі бала болған. Олар жылыту пешінің газынан уланған. Жедел жәрдем орынға келісімен төрт адамның қаза болғандығын растаған», – деді басқарманың баспасөз өкілдері.

Ведомство өкілдері қаза тапқан әйелдің екі баласы артында қалғанын айтты. Олар Баянауылда колледж студенттері екен. Қазіргі уақытта балалар Баянауыл әкімдік өкілдерінің қарауында.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАбаев қыздардың өлімі жайлы: Кінәні Әбілқасымоваға жабу әділ емес – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаТүркістан полицейлері массаж креслосын мемлекеттік сатып алу арқылы алмақ болған – Ел жаңалықтары