Home Саясат Парламент палаталарының бірлескен отырысы қашан өтеді?

Парламент палаталарының бірлескен отырысы қашан өтеді?

39

Мәжіліс Төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Отырыс 2 қыркүйекте сағат 11:00-де Астанада өтеді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласында 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы шақырылсын», – делінген өкімнің мәтінінде.

Қыркүйекте Қазақстанда жаңа саяси маусым басталады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, ол Президенттің Жолдауынан басталады.

Бұған дейін, сарапшылардан Президенттің Жолдаудағы тапсырмаларының қалай орындалып жатқанын және бұл құжаттың мемлекеттік аппарат үшін неге аса маңызды екенін сұраған едік.

Алдыңғы жазбаМемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Келесі жазбаМемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді