Бұл тақырып айтыла –айтыла жауыр болсада тағыда бір айналып соғуға тура келіп тұр. Рас, бұған дейінде бізде, өзгеде талай айтты, жазды. Бірақ тәуелсіздік алғалы бері, «баяғы жартас, сол жартас» күйінде қалып келе жатқан бір дүние бар. Ол солтүстіктегі Петропавл мен Павлодар қалаларының атауын өзгерту еді.
Үш қайнасада сорпасы қазаққа қосылмайтын атауларды кешегі патшалық Ресей зорлап таңса, енді оны алып тастауға Ресей қарсы. Тіпті бұл қалалардың тарихи атауларын қайта оралтуға, өз шенеуніктерімізде жүрдім–бардым қарайтын секілді.Соның бірі Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. Әкім Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша Петропавлдың тарихи атауын қайтару бүгінде өзекті мәселелердің қатарында тұрған жоқ көрінеді. Әкімде айтады екен-ау. Керісінше, кеңестік сарқыншақ аттардан құтылу бүгінгі күннің басты талабы емес пе! Петропавл Қызылжар деген тарихи атауын қайтарып алып жатса, алаш баласының рухы бір көтеріліп қалмай ма?