Home Жаңалықтар Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз митингілердің жолы кесілді

Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз митингілердің жолы кесілді

43

 

6 шілде мереке күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз митингілер ұйымдастыру әрекеттері тіркелді деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 

Министрліктің мәліметінше, әкімдіктің, прокуратураның бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, бірқатар азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның араңдатушылықтарына ерген.

«Олардың бірқатары құқық қорғаушы қызметкерлерге қатысты заңға қайшы әрекеттерге барды. Басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндірді.

Осыған байланысты, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың жолын кесу бойынша заңда қаралған шаралар қабылдады.

Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімдеріне жеткізілді. Кейбіреуінен түтіндегіш құты және травматикалық қару алынды.

Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша сауатты жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ«, – делінген ведомство хабарламасында.

Алдыңғы жазба11 миллион адамның жеке мәліметтерін интернетке салған кім?
Келесі жазбаӘйгілі Тайсонды жеңген боксшы қазақ жігітінің соққысына шыдай алмады